Президент Жолдауы: экономикалық өсімнен халықтың әл-ауқатын арттыруға дейін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының басты ерекшелігі – экономикалық әлеуетті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағыттау.
Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінбек. Бұл қаражат әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады.
Сонымен қатар ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру, кәсіпкерлікті қолдау, инфляцияны төмендету, энергетикалық тәуелсіздікті нығайту және жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру міндеттері қойылды.
Жолдаудағы бастамалардың Абай облысы үшін де маңызы зор. Атап айтқанда, Семейде көпбейінді балалар ауруханасын салу және 2027 жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісін іске қосу көзделген. Бұл өңірдің әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Жолдаудың негізгі өзегі – мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін нақты нәтижеге айналдыру. Ендігі басты мәселе – бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы, жобалардың сапалы орындалуы және экономикалық өсімнің әрбір азаматтың тұрмысынан көрініс табуы.