Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік қызметке қосқан үлесін жоғары бағалайды

28-05-2023, 09:01 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы құрылғанына 75 жыл толу қарсаңында ҚР Қорғаныс министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы Өкілдігі және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның бітімгершілік миссиялары шеңберінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ-ның күш-жігерін қолдауы, еліміздің сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Дипломат қолдау көрсеткені үшін серіктестерге алғыс білдіріп, Қазақстан БҰҰ аясында бітімгершілік қызметін одан әрі арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Қазақстанның БҰҰ қызметіне белсенді қатысуын жоғары бағалай отырып, Астана тығыз ынтымақтастық жылдарында бітімгершілік жолында өзінің тиімдігін дәлелдегенін және қазақстандық әскери қызметкерлердің жоғары кәсібилігін көрсеткенін жоғары атап өтті. Ол осындай миссияларда жеке тәжірибесі бола отырып, Алматыда жұмыс істейтін «Казцент» бітімгершілік оқу-жаттығу орталығы аясында бітімгершілік әлеуетті арттыру үшін елімізде жасалған жағдайларға ерекше назар аударды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Хусайынов, сондай-ақ миссияларға қатысқан қазақстандық бітімгершілер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Қазақстанның оң тәжірибесін атап өткен шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері қазақстандық әскерилерге алғыстарын білдіріп, қолдау көрсетті. Отандық «көгілдір каскаларға» БҰҰ-ның Ливандағы миссиясы аясындағы әрекеттері үшін жоғары баға берді. Осылайша, Үндістан Республикасының әскери атташесі сол елдің бригадасында қызмет ететін қазақстандық бітімгершілермен өзара іс-қимыл тәжірибесінің сәттілігін атап өтті. Бұл тәжірибені қазір басқа елдер де зерттеп жатыр.

Шараға қатысушылар БҰҰ туы астында қызметте жан тапсырған бітімгершілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив