Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Испания инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі

31-05-2023, 12:18 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Испанияның өнеркәсіп, сауда және туризм министрінің орынбасары Шиана Мендеспен кездесіп, көлік-логистикасы саласында өзара тиімді әріптестікті арттырудың талқылады.

Вице-министр шетелдік әріптесіне Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамыту мен көлік дәліздерін жаңғырту бойынша қолға алған жұмыстары туралы айтып берді. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы жобаларды іске асыру, Ақтау портында контейнерлік хаб құру және Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы жайлы жеткізді.

Өз кезегінде Ш.Мендес кездесуде Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы мен іскерлік кеңестің 7-ші отырысы сәтті өткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол испаниялық тараптың Қазақстанмен инфрақұрылымдық жобалар саласында, оның ішінде ТМТМ-ның жекелеген жобалары бойынша ынтымақтастыққа дайын екендерін айтты.

Сонымен қатар Испанияның ресми өкілі Aqualia компаниясының кәріз-тазарту және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртып, салу бойынша бірлескен жобаларын іске асыруға ниет танытты. Осыған бағыт бойынша «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ жеке кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан бөлек тараптар Xcalibur компаниясының Испанияның бюджет қаражаты есебінен еліміздің аумағында жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу аясында аэрогеофизикалық зерттеулердің толық спектрін ұсыну мәселесін қарастырды. Д.Щеглова жоғарыда аталған салалар бойынша қазір ынтымақтастықты қаржыландыру форматы пысықталып болған соң ғана екіжақты қарым-қатынас туралы келісім жасасу мүмкін болатынын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан-Испания байланысын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив