Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.84 579.7 6.39

Үкімет басшылары елдің оңтүстік астанасында бас қосты

3-02-2023, 10:37 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.

Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив