Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қағазбастылықтан арылу қажет - Үкімет басшысы

3-02-2023, 14:17 Думан Кенжеғазыұлы

Digital Almaty бесінші форумы шеңберінде өткен «Жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» пленарлық сессиясында ЕАЭО елдері арасындағы цифрлық кедергілерді жою, сауда және экономиканың басқа да салаларында инновациялық шешімдер енгізу мәселелері, сондай-ақ негізгі жаһандық технологиялық трендтер талқыланды. 

Іс-шараға Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян, Беларусь үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Арипов қатысты. 

ҚР Премьер-Министрі өз сөзінде Қазақстан Үкіметі жыл сайын еліміздің ЖІӨ-дегі жаңа технологиялардың үлесін ұлғайту үшін барлық қажетті шараларды іске асырып жатқанын атап өтті. Олар негізінен цифрлық трансформацияға, ІТ саласына қолайлы жағдайлар жасауға және адами капиталды дамытуға қатысты. 

Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің ІТ-нарықтарын дамытуға мультипликативтік әсер беру үшін сенімді платформа қажет екенін айтты. Бұл тұрғыда жергілікті және аймақтық деңгейде белсенді ойыншыға айналған Astana Hub технопаркінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады. 

Сонымен қатар Премьер-Министр «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры бүгінде Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен IT-нарығын біріктіретін экожүйе құрғанына тоқталды. Жалпы Қор іске кіріскен жылдардан бастап Индустрия 4.0, геология, металлургия және т. б. салаларда құны $36 млн-нан асатын 187 жобаны қаржыландырды. 

«Елдеріміздің технологиялық инкубаторларының өзара іс-қимылын біртіндеп дамыту маңызды», — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан FinTech және GovTech-жобаларын жүзеге асыруды қамтитын мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы бағытын ұстанып отырғанын атап өтті. Жалпы, оның айтуынша, мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында республикада цифрлық саладағы күнделікті өмірде қолданылатын нақты нәтижелердің жоғары деңгейіне қол жеткізілді. 

«Цифрландыру еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», — деді ол. 

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government сапалы жаңа тұжырымдамасына көшіп жатқанын айтты, онда мемлекеттік саясат адамның және оның қажеттіліктері мен мүдделерін ескеретін болады.  Нәтижесінде бұл проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізуге серпін береді. 

«Бұл ретте негізгі тәсілдердің бірі – қызмет көрсетудің мультиплатформалық қағидаты. Яғни, мемлекет “тар жер» моделінен алшақтап, бизнеске мемлекеттік қызметтерді өз платформалары мен цифрлық экожүйелеріне интеграциялауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің пайдалы зор», — деді Премьер-Министр. 

Жалпы, ол соңғы жылдары Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап өтті. БҰҰ-ның тиісті рейтингінде республика 39-шы орыннан 28-ші орынға (2018 жылдан бастап) көтеріліп, позициясын жақсартты, ал онлайн-сервистердің қосалқы рейтингінде – 16-шы орыннан 8-ші орынға көтеріліп, әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. 

Бұл ретте Премьер-Министр интеграцияны күшейтудің және жалпы Еуразиялық ауқымдағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, осы істің тұсаукесері ретінде  Алматыдағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ірі цифрлық бастамаларды қалыптастыру және жүзеге асыру алаңы - Цифрлық құзыреттер орталығын құруды атауға болады. 

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту тақырыптарына тоқталды. 

Ол логистикалық компаниялар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан электрондық көлік құжаттарына көшу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай тәжірибені ЕАЭО аумағында енгізуге мүмкіндік бар, атап айтқанда, барлық шетелдік рұқсат бланкілерін электрондық форматқа ауыстыруға болады.

«Қағазбастылықты алып тастау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, өзара сауданың ашықтығын арттырады және ең бастысы, бизнеске өз шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді»,—деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министрдің айтуынша, ЕАЭО елдерінің өзара сауда саласындағы электрондық іс-әрекетін дамыту тағы бір маңызды тақырып болып табылады. 

«Осы және басқа да мәселелер цифрландыру саласындағы бірлескен жұмысымыздың маңызды бағыттарына айналуы мүмкін», — деп түйіндеді ол. 

Форум аясында Әлихан Смайылов ЕАЭО елдері мен Өзбекстан үкіметтерінің басшыларымен бірге «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында ашылған цифрлық жобалардың халықаралық көрмесімен танысты. 

Меймандарға eGOV Mobile, Smart Data Ukimet, Smart Industry Management Platform ірі жобалары, елдік технопарктер, сондай-ақ бірқатар стартап, атап айтқанда, оныншы сынып оқушысы Шолпан Аманкелдінің озон қабатының жай-күйін, жерге жақын ғарыш кеңістігіндегі астрономиялық қозғалыстарды зерттеуге және жер сілкінісін болжауға арналған «Venus-Sat.kz» наноспутнигі»  жобасы таныстырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив