Қазақстанда жыл соңына дейін студенттерге арналған 26 жатақхана салынады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиында студенттерге арналған жатақханалар салу мәселелері талқыланды.
Президенттің тапсырмасы аясында 2026 жылға дейін бүкіл ел бойынша студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қарағанды және Маңғыстау облыстарында 900 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді. Республикада жыл соңына дейін 8,3 мың орынға есептелген тағы 26 жатақхана пайдалануға беріледі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мәселеде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен облыс әкімдігі арасындағы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевқа жақында аймаққа жасаған сапары барысында да айтылды.
Алайда, кезекті мониторинг барысында Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында қаржыландырудың болмауынан және басқа да себептерден, құрылыстың үзілу қаупі айқын 2,1 мыңнан астам орындық 6 жатақхана, сондай-ақ Павлодар облысында жатақхананы реконструкциялаудың кешігуі анықталды.
Жиында министрліктің жаңа жеткізушілерді табу бойынша қосымша жұмыс жүргізгені айтылып, жоспарға 1600-ден астам орынға арналған 8 әлеуетті нысанды енгізу ұсынылды. Оларды пайдалануға беру осы жылдың соңына дейін Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда инвесторлармен алдын ала келісімдер жасалуда, әкімдіктер жол карталарына өзгерістер енгізуде.
«Студенттік жатақханаларының құрылысы Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатыр, студенттерді жатақханамен қамту бойынша барлық жоспарлар қатаң сақталуы тиіс. Бұл ретте салынып жатқан жатақханалар санын көбейту бастамасы құпталады», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Сондай-ақ Алматы қаласында жобалық кеңсе ашылған сәттен бері студенттер жатақханасын салу бойынша 130-дан астам инвесторға кеңес берілгені айтылды. 29 мамыр күні Астанада осындай жобалық кеңсе ашылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдіктерге проблемалық нысандардың мәселелерін жедел түрде шешіп, жыл соңына дейін жатақханаларды пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі тапсырмаларды толық көлемде орындау бойынша жұмысты жалғастыруы қажет.