Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Мемлекеттік аппарат қызметін жақсарту бойынша үздік 30 ұсыныс онлайн-дауыс беруге ұсынылады

3-06-2023, 11:49 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өткен «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының II кезеңі аяқталды.

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы 2017 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесімен алмасу, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі. 2017 жылы байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны 307 адамды құраса, бүгінгі күні олардың саны екі есеге артып, 609 мемлекеттік қызметшіні құрады.

Конкурсқа кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатыса алады. Байқау жеңімпаздары өңірлік және республикалық комиссиялар шешімімен анықталады. Әрбір үміткер бойынша шешім қатысушының мемлекеттік қызметтегі жетістіктерін бағалау критерийлері бойынша балдарды есептеу, өңірлік комиссия мүшелері шығарған кейс пен құрылымдық сұхбаттың шешімі және конкурсқа қатысушылардың рейтингін жасау жолымен қабылданады.

Комиссиялар құрамы қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйым, БАҚ, тәуелсіз сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдерінен қалыптасты. Республикалық кезеңге өткен мемлекеттік қызметшілер комиссия алдында мемлекеттік аппараттың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын презентация жасады. Республикалық комиссия шешімімен ең үздік 30 ұсыныс онлайн-дауыс беруге іріктеледі.

Онлайн-дауыс беру Агенттіктің телеграмдағы «Qyzmet news» каналында өткізіледі, оған республиканың барлық азаматтары қатыса алады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталып, олар «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнінде» «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісімен марапатталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив