Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

5-06-2023, 12:18 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысына еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмысының барысы таныстырылды.

Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан  шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив