Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

Қай өңірдің тұрғындары Конституциялық Сотқа жиі жүгінеді?

3-02-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.

Конституциялық бақылау органының алғашқы айдағы жұмысының қорытындысы бойынша қаңтар айында 800-ден астам өтініш тіркелді.

Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданды (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (15%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.

Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив