Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

6-06-2023, 12:53 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Өз кезегінде Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив