Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Электрондық еңбек биржасы inDrive жұмыс сервисімен интеграцияланды

7-06-2023, 15:43 Думан Кенжеғазыұлы

Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының порталында inDrive.Жұмыс сервисінде орналастырылған бос жұмыс орындарын көруге мүмкіндік туды. Аталған мүмкіндік платформаларды интеграциялау арқылы жүзеге асты.

Енді жұмыс берушілердің сервисінде ұсынған бос жұмыс орындары Enbek.kz порталында жарияланатын болады. Сізге ұнайтын жұмыс орнын таңдағанда, өтініш берушілер автоматты түрде inDrive.Жұмыс сайтына өтеді.

Ынтымақтастық Enbek.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсынылатын бос жұмыс орындарының санын көбейтеді, қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктерін кеңейтеді және жұмысқа орналасу мүмкіншілігін арттырады.

InDrive.Жұмыс сервисі жұмыс тәжірибесі мен жоғары білімді қажет етпейтін жұмыс орындарына бағытталғанын айта кету керек. Сервис жұмыс табуға, сондай-ақ жүк тиеуші, күзетші, жүргізуші, кассир және т.б мамандықтарға үміткерлерді таңдауға көмектеседі.

Сондай-ақ, қызметтің айрықша ерекшелігі – үміткерлерге бос жұмыс орындарын ұсыну түрі, атап айтқанда үміткерлер жұмыс орнын, интерьерді және тағы басқаларды бейне форматта шағын бейнероликтер арқылы көре алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив