Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

7-06-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді. Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.

Артур Ластаевтың айтуынша, жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін  ерекше назарда ұстайды. Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған. Омбудсменнің бастамасымен азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив