Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде жаңа қоқыс контейнерларын орнату жұмыстары жүргізілуде

12-05-2023, 09:59 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімдігі ағымдағы жылы 1300 дана жаңа стандартқа сай келетін қоқыс жәшігін сатып алды. Қазіргі таңда  олардың 240 данасы қалаға жеткізіліп, оларды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған 1060 дана контейнер алдағы уақытта Семей қаласына жеткізілетін болады.

- Қалалық әкімдік жаңа қоқыс жәшіктерін қаланың орталық көшелерінде орнатуды жоспарлап отыр. Ескі қоқыс жәшіктері жөнделіп, боялып, қаланың шеткері аумақтарындағы кенттерге жеткізіледі. Осылайша біз қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын жеделдете аламыз, - деп мәлімдеді  ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Омаров.

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолға алған шараларының нәтижесінде қала тұрғындарының қоқыс шығаруға қатысты арыз-шағымдары айтарлықтай азайды. Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив