Mitsubishi Corporation өкілдерімен келіссөздер жүргізілді
Astana Invest Forum аясында ҚР ИИДМ Вице-министрі Азамат Бейісбеков пен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Теміржан Әбдірахманов Mitsubishi Corporation өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктері ұсынылып, машина жасау саласына инвестиция салу мүмкіндіктері, өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін перспективалы жобалар талқыланды.
Astana Invest Forum ірі компаниялармен және қаржы институттарымен байланыс орнатуға, сондай-ақ отандық өнімдердің саудасы мен экспорты үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған диалог алаңы болып табылады.
Өзара тиімді ынтымақтастық пен көпжақты қатынастарды дамыту ел үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұл бірінші кезекте жергілікті өндірісті қолдау және дамыту, бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосады.