Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

16-06-2023, 10:37 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Ермек Беделбайұлы 1965 жылы Алматы қаласында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын: 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.

1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.

1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.

2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.

2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив