Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚР ПІБ МО ауруханасының Ядролық орталығында үшінші радиофармацевтикалық препарат шығарылды

21-06-2023, 09:35 018.kz

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жанындағы Ядролық медициналық орталық мамандары 11С-метионин радиофармацевтикалық препаратын шығару жобасын сәтті жүзеге асырды. Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осылай деп хабарлады.

— Томографияны 11C-метионинді пайдаланып жасау мидағы қатерлі ісікті ерте диагностикалауға мүмкіндік береді,  ол ісік көлемін анықтауда «алтын стандарт»  ретінде мойындалған. Осы орайда, былтыр желтоқсан айында және биыл наурызда Циклотронды кешенде екі радиофармацевтикалық препарат өндіріле бастағанын атап өткім келеді,- деген А.Дәдебаев  жобаға атсалысқан мамандардың барлығына шынайы құттықтауын жеткізді.

Президенттің Іс басқарушысы айтқандай, әлемдік тәжірибеде ауруханалар жыл сайын бір немесе екі препарат қана шығаратынын ескерсек,  бұл аурухана үшін үлкен жетістік. Осылайша, қатерлі ісік ауруларын ерте бастан табу мен емдеу бағытында үлкен нәтижеге қол жеткізіліп отыр.

— Ядролық медициналық орталықта осыған дейін 4 мыңға тарта адам диагностикадан өткен болатын. Олардың 95 пайыздан астамы ТМККК арқылы келді, — деді ол. Жоспар бойынша,  Циклотронды өндірістік кешенде жыл соңына дейін қатерлі ісік ауруларына қатысты диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған тағы екі препарат өндірілуге тиіс.

ҚР ПІБ баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив