Абай облысында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ филиалы ашылды
Шараға қаламыздағы аталған бірлестіктің болашақ мүшелері, облысымыздың аудандарында тұратын қыз-келіншектер, сонымен қатар бірлестік төрайымы Айнұр Жүгінісова келді.
– Бүгін Семейде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ филиалы салтанатты түрде ашылды. Салт-дәстүр кез келген тұлғаның даму үрдісінде өте маңызды рөл атқарады. Бірақ ең бастысы, дәстүрді ғана емес, бірлік пен достықты, қоғамның барлық мүшелері арасындағы берік қарым-қатынасты сақтау,- деп атап өтті ҚБ мүшелері.
Бүгінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің республикада 75-тен астам филиалы жұмыс істеп тұр.
– Бүгінгі күні біздің бірлестіктің филиалдары республиканың барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді және бүгін Семейде филиалымыз ашылып жатыр. Жалпы, қазірдің өзінде республика бойынша 75-тен астам филиалымыз бар. Қоғамдық жұмыстарға келсек, қазір балабақшаларда эксперимент ретінде жұмыс істеудеміз. Бірлестік мүшелері балалардың бойына ізгілік пен мейірімділік қалыптастыру мақсатында олармен жұмыс істеуде, - деп атап өтті бірлестік жетекшісі Айнұр Жүгінісова.
Бауыржан Момышұлы атындағы №34 мектеп оқушылары жиналғандар алдында қобызда өнер көрсетіп, ұлы ақын Абайдың өлендерін оқыды.
Тағыда оқыңыз