Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Өңірлік Азаматтық форумдар жалғасып жатыр

23-06-2023, 14:28 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның ХІ Азаматтық форумының бірінші кезеңі аясында Өңірлік Азаматтық форумдар жалғасып жатыр.

Осы орайда, бүгін Алматыда ««Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру: заманауи сын-тегеуріндер мен оларды азаматтық қоғаммен шешу мүмкіндіктері» тақырыбында Азаматтық форум өтті.

Форумда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров сөз сөйледі. Ол 2003 жылдан бері тұрақты негізде өткізіліп келе жатқан азаматтық қоғам мен мемлекет диалогын дамытудың негізгі алаңдарының бірі болып табылатын – Азаматтық форум платформасының маңыздылығын атап өтті. 

Азаматтық форум нақты жалпыұлттық диалогтық тетікке және халық пен биліктің кері байланысының мықты тетіктерінің біріне айналды.

Форум жұмысына ҮЕҰ, сарапшылар мен бизнес қоғамдастығы, саяси партиялар және т. б. өкілдерінен 300-ден астам адам қатысты. 

Іс-шара барысында 5 панельдік сессия ұйымдастырылды. Онда экономикалық даму және инвестициялар, білім беру және цифрландыру, кедейлік пен теңсіздікті төмендету, денсаулық пен өмір сапасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тең құқықты гендерлік жағдай мен құқық қорғауды, экология мен инфрақұрылымды сақтау саласы талқыланды.

Өңірлік Азаматтық форумның қорытындысы бойынша Қазақстанның ХІ Азаматтық форумына жолданатын ұсынымдар әзірленетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив