Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Кәсіпкерлер соттардың бейтарап шешім қабылдайтынына сенімді болуы керек – Жоғарғы сот басшысы

25-06-2023, 13:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Атамекен» ҰКП мамандары «Тәуелсіз сот төрелігі үшін сот әкімшілігі: әлемдік стандарттар және үздік тәжірибелер» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға ҚР Жоғарғы соты және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшылығы, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (МАСА) президенті Л.Палма, сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі еуропалық комиссияның экс-президенті Р. Гарагурбанли, Орта Азия және алыс шет елдердің жоғарғы соттары мен сот әкімшіліктерінің басшылығы қатысты.

Қатысушылар сот билігінің тәуелсіздігін және сот төрелігін сапалы іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету үшін сот әкімшілігін дамытудың әлемдік озық тәжірибелері мен перспективалары стандарттарын талқылады. Мұндай дөңгелек үстелді өткізу елімізді шетелде ілгерілету және Қазақстанның сот жүйесін дамыту бойынша жаңа шараларды әзірлеуде маңызды рөл атқарды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасы судьялар корпусы мен сот төрелігін іске асыруға ғана емес, сот әкімшілігіне де қатысты болды. Сот әкімшілігі соттардың жұмысында қоғамдық пікірді қалыптастыру, сондай-ақ тәуелсіздік пен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», – деді Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев.

Спикер Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Пальма мырзаға, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркиядан келген шетелдік әріптестеріне іс-шараға қатысқаны үшін үлкен ризашылығын білдірды. Асламбек Мерғалиев, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы, мемлекеттік органдар, Парламент депутаттары және «Атамекен» ҰКП өкілдеріне дөңгелек үстел тақырыбына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.

«Азаматтар, бизнес және инвесторлар қазақстандық соттардың бейтарап және әділ шешімдер қабылдайтынына сенімді болуы керек. Бұл үшін судьялар шынымен тәуелсіз болуы тиіс. Осы бағыттағы үлкен қадам Қазақстан Республикасының сот әкімшілігін құру болды. Шын мәнінде, сот әкімшілігі – мәртебесі бойынша Үкімет аппаратына теңестірілген жаңа мемлекеттік орган. Сот әкімшілігі, оның жергілікті жердегі аппаратының жоғары мәртебесі мемлекеттік органдармен тепе-теңдік негізде қарым-қатынас орнатуға ғана емес, сонымен қатар сот төрағаларын өзіне тән емес әкімшілік функциялардан босатты. Сот төрағалары бүгінде конституциялық сотта көзделгендей сот төрелігін жүзеге асыруға шоғырланған", – деді Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев.

Спикер іске асырылып жатқан саясат аясында соттарды оңтайландыру, олардың инфрақұрылымын жақсарту және судьялар мен сот қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Жоғарғы Сот функцияларды нақты ажырату және KPI-ді анықтау арқылы сот менеджментін тұжырымдамалық түрде қайта қарауды жоспарлап отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да Қазақстанның сот әкімшілігі мен сот жүйесін реформалауға белсенді қатысып жатыр. Жалпы, сот әкімшілігін жеке мемлекеттік орган ретінде құру, соттардың қызметін қамтамасыз ету үшін бюджеттің ең төменгі мөлшерін белгілеу бойынша бұрын қабылданған барлық шаралар сот реформасын дұрыс жүргізудің мысалдары болып  отыр.

«Атамекен» ҰКП апелляциялық сатыдағы барлық сот үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автоматты түрде айқындауды бекіту, алқа төрағалары мен облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын сайлауды енгізу, сондай-ақ оған барлық деңгейдегі судьяларды іріктеуден бастап тағайындау жөніндегі ұсынымдарға дейінгі барлық кадрлық функцияларды бере отырып, Жоғары Сот кеңесінің мәртебесін нығайтуға қатысты қосымша ұсыныстар ұсынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасы судьялар корпусы мен сот төрелігін іске асыруға ғана емес, сот әкімшілігіне де қатысты. Сот әкімшілігі соттардың жұмысы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруда, сондай-ақ тәуелсіздік пен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», – деді ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Еске салсақ, бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппен кездескен болатын. Кездесуде «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен оның орынбасарлары Ербол Өстеміров пен Мәлік Сәулебай Қазақстанның Жоғары Сот кеңесінің мәртебесін нығайту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Райымбек Баталов Ұлттық палатаның Қазақстандағы сот жүйесін сауықтыру үшін Жоғары Сот кеңесімен бірлесіп жұмыс істеуге және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуге дайын екенің айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив