Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан СІМ-де Хиросимадағы «Үлкен жетілік» саммитінің қорытындылары бойынша брифинг өтті

26-06-2023, 17:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің дипломатиялық өкілдіктері басшыларының брифингі ұйымдастырылды. Бұл кездесу аталған халықаралық клубтың 2023 жылғы 19-21 мамырда Хиросимада өткен 49-шы саммитінің қорытындысын талқылауға арналды.

Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция, Жапония және Еуропалық одақ дипломаттары жақында өткен саммиттің маңыздылығын атап, оның геосаясат, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, экономикалық тұрақтылық, таза энергетика, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша мазмұндық бөлігін баяндап берді.

Орталық Азия елдерімен сауда және энергетикалық байланыстарды, оның ішінде «Орта дәлізді» және аумақта өркендеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тиісті жобаларды қоса алғанда тұрақты көлік қатынастарын дамытуға бел байлау бағытындағы G7 елдері басшыларының коммюникесінде расталған әзірлігі ерекше атап өтілді.

Бұл ретте 2027 жылға дейін жалпы бюджеті 600 миллиард АҚШ долларын құрайтын G7 бастамасы – «Жаһандық инфрақұрылым және инвестиция бойынша серіктестік» аясындағы ынтымақтастық арқылы «Орта дәліз» әлеуетін кеңейтуге үлкен мән беріліп отыр.

Р. Василенко Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты көлік байланыстары туралы жақында жүргізген зерттеуіне сілтеме жасай отырып, Еуропалық одақтың «Global Gateway» және «Team Europe» сияқты бастамалары аясында аумақпен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Іс-шараға қатысқан ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму, энергетика министрліктерінің, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» қауымдастығының өкілдері аумақтық жобаларды G7 мен Еуропалық одақтың инфрақұрылымдық бастамаларына қосуға жоғары қызығушылық танытты.

Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Анықтама: 2023 жылғы 19-21 мамырда Хиросима қаласында жапон төрағалығымен «Үлкен жетілік» саммиті өтті, оның қорытындысы бойынша қатысушылар басқа мәселелермен қатар Орталық Азия елдерімен түрлі өңірлік проблемаларды шешу үшін ынтымақтасуға ниетін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив