Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Риддердегі жылу орталығында тағы ақау шықты

6-02-2023, 11:37 018.kz
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу электр орталығындағы жаңа қондырғы істен шықты. Кеше риддерліктердің үйлері тағы да суып кетті. Аталған қондырғы осыдан бірнеше апта бұрын өрт шыққаннан кейін қайта қалпына келтірілген көмір трактына орнатылған болатын.
«5 ақпанда 2 конвейер таспасын көтеретін барабан қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін №1 қазандық қондырғысы қосымша қыздырылды», – дейді қала әкімі Дмитрий Горьковой

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив