Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Ерлан Қарин мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті

3-07-2023, 17:10 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мемлекеттік сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың II отырысында мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық құжаттармен қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі.

Осы орайда Ерлан Қарин аналитикалық құрылымдардың басты міндеті мемлекеттік органдар үшін кешенді зерттеулер жүргізу екенін атап өтті. Сонымен бірге ол сараптамалық институттар мен орталықтар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту және бір-бірімен материалдар алмасуы қажет екеніне назар аударды.

Жиын соңында мемлекеттік саясатты сараптамалық құжаттармен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив