Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Көлік полицейлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы 30-дан астам құқық бұзушылықты тіркеді

6-07-2023, 11:20 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік полицейлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы 30-дан астам құқық бұзушылықты тіркеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бір жыл бұрын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ІІМ жүйесіне қайтарылды.

– Осыған сәйкес, бүгінгі күні көліктегі полиция департаментінде де ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бар. Біздің жедел уәкілдер ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстарды ашумен және тергеумен айналысады, – дейді көліктегі ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Теміржан Рамазанов. Оның айтуынша, аталған басқарманың қызмет көрсететін аумағы – Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде орналасқан теміржол вокзалдары мен әуежайлары.

Нақтырақ айтсақ, елімізде ұзындығы 21 мың км шақырымды құрайтын теміржол торабы, мыңдаған жолаушы ағыны мен жүк тасымалы өтетін 305 теміржол вокзалы және 27 әуежай бар. Қазіргі күні көліктегі ПД ҰҚҚКБ әлемде болып жатқан геосаяси процестерді ескере отырып, криминалитет элменттерінің миграциясы мен олардың өзара сыбайласуына қарсы іс-қимыл бойынша Ресей Федерациясындағы әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Мәселен, Ресей Федерациясы ІІМ Көліктегі Бас басқармасының практикалық тәжірибесімен алмасу әрі Ресей мен Қазақстан көлік объектілерінде құқықтық тәртіпті нығайту бойынша бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында осы жылдың маусым айында Мәскеу қаласына қызметтік іс-сапар жүзеге асырылды. Теміржан Рамазановтың сөзінше, көліктегі ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басқа аумақтық бөліністерден айырмашылығы аса ірі мөлшерде ұрлау, контрабанда, отын-энергетика саласында жасалатын және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың көлік инфрақұрылымында жасалатындығында. Айтулы басқарма құрылғаннан бері 30-дан астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Олардың арасында есірткі заттарын дайындау мен өткізу, “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ объектілерінде аса ірі көлемде мүлікті ұрлау, ҚР аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымы, 10 жылға жуық уақыт бойы өздерінің заңсыз қызметін жүзеге асырып келген шетел азаматтары, жеңгетайлық, кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту және басқа да қылмыстар.

Сонымен қатар ол ҰҚҚКБ-ның құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, қомақты нәтижелер бар екендігін айтты. Мәселен, Алматы қаласы, Алматы облысы және Қонаев қаласы аумақтарында мефедрон синтетикалық есірткі затын дайындау бойынша жасырын есірткі зертханаларын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Олардан 1 келіден астам дайын психотроптық сусын, есірткі дайындау үшін 500 литр химиялық концентрат және 618 грамм мефеодрон синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл 1850 бір реттік дозаны құрайды. Қара нарықтағы құны шамамен – 10 млн теңге. Бұдан бөлек, 2014 жылдан бері ҚР аумағында бағалы металдардың заңсыз айналымын ұйымдастырған Ресей Федерациясы мен Украина азаматтарынан құрылған қылмыстық топтың жолы кесілді. Қылмыскерлерден 100 мыңнан астам АҚШ доллары, 20 келіден астам дайын зергерлік бұйымдар мен олардың заңсыз қызметінің құжаттары тәркіленген.

– ҚР ІІМ алқасының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен “бармақ басты, көз қысты” әрекеттерге баруға, астыртын мәміле жасауға, сыбайластыққа жол беруге қатаң тыйым салынатынын айтты. Біз табандылық таныта отырып, жүктелген міндеттерді адал орындауға күш салатын боламыз, – деді Теміржан Рамазанов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив