Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Айдар Әбілдабеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы болып тағайындалды

12-07-2023, 12:40 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2010-2022 жылдары  ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: ҚР Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив