Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Қазақстандық спортшылар оқ атудан Әлем кубогінде көш бастады

7-02-2023, 06:40 Думан Кенжеғазыұлы

Оқ атудан Қазақстан құрамасы рейтингтік Әлем кубогінде командалық бірінші орынды иеленді. Индонезия астанасы Джакартада өткен жарыста ел намысын 15 спортшы қорғады. Отандық спортшылар 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Жалпы әлемдік додаға 32 елден 350 спортшы қатысты.

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин мен Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы ие болды.

Айта кетейік, Индонезиядағы Әлем кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі. Демек, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының лицензияларын иеленуге мүмкіндік беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив