Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ФУТЗАЛДАН І КҮЗГІ КУБОК ТУРНИРІ ӨТТІ

7-11-2022, 10:19 Думан Кенжеғазыұлы

Алғашқы ұйымдастырылып отырған шараға өңірдің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттерінен құралған жиыны 4 футбол құрамасы қатысты.
Олардың қатарында Әлихан Бөкейхан университетінің атынан өнер көрсететін ABU футбол құрамасы, Семей медицина университетінен SMU футбол құрамасы, Шәкәрім университетінен Shakarim футбол құрамасы, орта арнаулы оқу орындарынан құралған Kolledjder футбол құрамасы бар.
Тартысқа толы ойын «Қарағайлы» ықшам ауданындағы «Арена» мәдени ойын-сауық кешенінде өтті. 

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы қатысып, қатысушы құрамаларға қолдау білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды — SMU құрамасы, екінші орында — ABU құрамасы, ал күзгі кубокті Колледждер құрамасы иеленді. Турнирдің бас демеушісі — Jusan Bank көрермендер арасында ұтыс ойындарын ойнатып, 5 адамға 100 мың теңгелік сертификат табыстады.
Сондай-ақ, турнирдің басты ақпараттық серіктестерінің бірі «Абай Ақпарат» редакциясы іс-шараны толықтай трансляция жасап, тікелей толқында хабар таратты.

Айта кетейік, даңадан құрылған Абай облысындағы ең ауқымды шара – Футзалдан І күзгі кубогін «Елімай» футбол клубы ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив