Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

14-07-2023, 15:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші болып бастаған.

1993-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамда түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2012-2014 жылдары – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2014-2016 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2016-2019 жылдары – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары – Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив