Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

О. Ордабаев Қазақстанда формальды емес білім туралы айтып берді

15-07-2023, 11:54 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіптік біліктілік жүйесінің дамуы туралы хабарлады.

Сөз басында вице-министр Мемлекет басшысы қол қойған «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның негізгі мақсаты азаматтардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын бағалаудың тәуелсіз және объективті жүйесін құру болып табылатынын хабарлады.

Ол қазіргі уақытта экономиканы цифрландыру, жұмыстың жаңа форматтарын танымал ету және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын қолдану қазіргі еңбек нарығының айрықша белгілеріне айналғанын атап өтті.

«Бүгінде оқу орындарының түлектері мен бос лауазымдарға үміткерлер олардың құзыреттілігін ресми тануға, жұмысқа орналасуды жеңілдететін кәсіби өсу мен ұтқырлыққа мүдделі болып отыр. «Кәсіптік біліктілік туралы» заң осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді Олжас Ордабаев.

Вице-министр Заң әлемдік тәжірибені жан-жақты талдауды және отандық Ұлттық біліктілік жүйесінің ағымдағы нәтижелерін бағалауды ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

Вице-министр маңызды жаңалықтардың бірі – ерікті тәуелсіз сертификаттауды енгізуге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Еңбек нарығындағы мықты бәсекелестік жағдайында біздің кез келгеніміз жаңа дағдыларды үйреніп, басқа мамандықтарды да игеріп отырумыз қажет, өйткені көптеген мамандықтар бойынша дағдылардың өзектілігі тек 2 жыл бойы сақталады. Сондықтан енгізіліп жатқан жүйе жаңа жұмысқа орналасу және іздестіру кезінде «катализаторға» айналады және бірінші кезекте түлектерге көмектеседі», – деді Ордабаев.

Оның айтуынша, тәуелсіз сертификаттау жүйесі әрбір маманға өз құзыреттерін нақты бағалауға, сол сияқты өз білімдерін, шеберлігі мен дағдыларын құжат түрінде растауға мүмкіндік береді.

«Бұл ретте формальды және баламалы білім беру процесінде алынған құзыреттер бағаланатын болады. Ал тиісті біліктілікті растау нәтижесінде алынған сертификат дипломмен қатар жұмысқа қабылдау кезінде, атап айтқанда жұмысшы кәсіптері бойынша негізгі құжатқа айналады», – деп атап өтті вице-министр.

Өз кезегінде, жұмыс беруші үшін сертификатталған қызметкерді жұмысқа қабылдау тиімді кадрлық жоспарлауда дұрыс шешім болады, өйткені мұндай қызметкер қосымша «қайта даярлауды» талап етпейді.

Сондай-ақ вице-министр «Кәсіптік біліктілік туралы» заң аясында азаматтарды белсенді тартуға бағытталған бірқатар шаралар көзделгенін хабарлады.

«Құзыреттерді бағалаудан өту кезеңінде қызметкерлерге еңбек заңнамасына сәйкес даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру кезінде ұқсас кепілдіктердің, өтемақылар мен жеңілдіктердің барлық көлемі беріледі. Ал жұмыссыз азаматтар үшін сертификаттау орталықтарының қызметтеріне ақы төлеуді мемлекет жүргізеді, бұл үшін азаматтарға атаулы ваучерлер берілетін болады. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің белсенді түрде өз қызметкерлерін тәуелсіз сертификаттаудан өтуге жіберуін ынталандыру үшін 3 жыл мерзімге сенім сертификаттарын беру көзделетін болады», – деді О.Ордабаев.

Олжас Ордабаев атап өткендей, кәсіптік біліктілікті тану мәселелері, оның ішінде бағалаудан өтуге болатын кәсіптер бойынша барлық ақпарат Электрондық еңбек биржасының кіші жүйесі болып табылатын Сareer Enbek бірыңғай ақпараттық порталында жинақталады.

Қорытындылай келе, вице-министр «Кәсіптік біліктілік туралы» заңның арқасында жүзеге асырылатын негізгі аспектілерге тоқталды.

«Осылайша, жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыс шеңберінде мемлекет те, жұмыс берушілер де, азаматтар да қатысатын ұлттық біліктілік жүйесі құрылады. Сонымен қатар, бүгін аталған тәуелсіз сертификаттау жүйесі енгізіледі. Ал кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы білім беру жүйесі мен жұмыс берушілердің талаптары арасынлдағы байланысы нығаяды», – деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив