Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Т. Дүйсенова Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті

1-05-2023, 10:18 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Кәсіптік сертификаттау жүйесіндегі университеттер: халықаралық деңгейге шығу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту туралы айтты.

Өз сөзінің басында ЕХӘҚМ басшысы бүгінгі таңда еңбек нарығының негізгі трендтері: Z буынының еңбек нарығына кіруі, жұмыспен қамтудың жаңа нысандары, экономиканы цифрландыру және автоматтандыру, баламалы білім беруді және онлайн-оқытуды дамыту болып табылатынын хабарлады.

«Бүгінгі таңда еңбек нарығын үш негізгі жұмыс күші ұсынады: аға буын, белсенді және жаңа жұмыс күші. Z буыны жаңа жұмыс күшіне жатады және еңбек нарығын түбегейлі өзгерте алады. Интернетке бағытталған жылдам ортада өскен олар прагматикалық көзқарасқа ие, онлайн режимінде оқығысы келеді және икемді, жеке кесте бойынша жұмыс істегісі келеді. Бұл ұрпақ қазірдің өзінде жұмыспен қамтудың жаңа форматтарын енгізуде, мысалы, платформалық жұмыспен қамту, жартылай жұмыспен қамту, қашықтан жұмыс, фриланс, аутсорсинг және т. б.

Еңбек нарығының біліктілік құрылымына Қазақстан экономикасын цифрландыру мен автоматтандырудың жоғары қарқыны қатты әсер етеді. Бұл ретте білімге қатысты дәстүрлі ойлау да өзгереді. Қазір баламалы білім беру мен мамандықтарды онлайн форматта оқыту қарқынды дамып келеді», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Министр белгіленген сын-қатерлерді ескере отырып, халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясаты қалыптасып жатқанын, оның шеңберінде біліктілік жүйесін дамыту арқылы жұмыс күшінің дағдыларын күшейту жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Біз жастарды ғана емес, еңбекке қабілетті халықтың қалған топтарын да оқытатын боламыз. Өкінішке қарай, бүгінде жұмыспен қамтылғандардың тек 4-5%-ы ғана жыл сайын кәсіптік оқытудан немесе жалпы даму курстарында оқытудан өтеді, ал бұл шамамен 500 мың адам. Біздің міндетіміз – 9 миллионға жуық адамды біліктілікті арттыруға және жаппай оқытуға тарту. Ол үшін біз ҰБЖ қалыптастыру және дамыту кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын дайындадық», – деді Тамара Дүйсенова.

ЕХӘҚМ басшысы біліктілік жүйесі «Нені және қалай оқыту керек? Біліктілікті қалай тануға және тағайындауға болады?» деген сұрақтарға жауап беретінін атап өтті.

Заң жобасы аясында ҰБЖ толық архитектурасы қалыптастырылды.

Біріншіден, бұл ұлттық және салалық біліктілік шеңбері. Олар қарапайым кәсіпті сипаттаудан бастап PhD деңгейіне дейінгі 8 кәсіби білім деңгейін ұсынады, әр деңгейге қажетті біліктілік, біліктіліктер мен дағдыларды көрсетеді.

Екіншіден, біліктілікті тану жүргізілетін кәсіптерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ақпарат кәсіптер тізілімінде жинақталатын болады, оған ұсыныстарды кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер мен жұмыс берушілер қалыптастыратын болады.

Үшіншіден, жұмыс берушілердің қызметкерлердің білімі мен дағдыларына қойылатын өзекті талаптары кәсіптік стандарттарда ескеріледі. Енді салалық мемлекеттік органдар жұмыс берушілермен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және өзекті жағдайда ұстауға жауапты болады.

«Кәсіптік стандарттар кәсіптердің Ұлттық сыныптауышы сипаттамасын көрсетеді, оның ішінде жұмыс берушілер үнемі талап ететін 6000-ға жуық кәсіпті стандарттау қажет.

Бүгінгі таңда бекітілген 614 кәсіптік стандарт 3400-ге жуық кәсіпті қамтиды, олардың 1000-ға жуығы сертификатталады. Кәсіптік стандарттар үш жыл сайын жаңартуды қажет етеді.

2025 жылға дейін біз еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды кәсіптік стандарттармен толық қамтуды жоспарлап отырмыз. Енді білім беру ұйымдарының міндеті кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Төртіншіден, тәуелсіз сертификаттауды енгізу. Формалды, сондай-ақ формалды емес және информалды білім танылады.

Реттелетін кәсіптер бойынша сертификаттау міндетті болып табылады. Олар бойынша тәртіпті мемлекет салалық мемлекеттік органдар атынан белгілейді. Бұл санатқа негізінен азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, адвокаттар, дәрігерлер, мұғалімдер.

Реттелмейтін кәсіптер үшін сертификаттау ерікті болады. Бұл негізінен жұмысшы мамандықтарды қамтиды.

Сертификаттауды арнайы орталықтар жүргізеді. Бүгінгі таңда «Атамекен» ҰКП аккредиттеген 26 орталық жұмыс істейді. Олар сертификаттаған тұлғалардың жалпы саны экономиканың түрлі салаларында 32,7 мың адамды құрайды.

«Сертификаттау нәтижесі: кадрларды даярлауды, оның ішінде білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау; сертификатталған мамандарды жұмысқа орналастыру болады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға баса назар аударылады.

Биыл біз мұнай-газ саласында, ТКШ және жобалық менеджмент салаларында тәуелсіз сертификаттау бойынша пилоттық жобаларды іске қостық. Біз бұл жұмысты сертификаттарын шетелдік компаниялар мойындайтын отандық орталықтарды тарта отырып жүргіземіз. Алайда, біз отандық сертификаттау орталықтарын ғана емес, осы процеске шетелдік орталықтарды да тартуды жоспарлап отырмыз», – деді Тамара Дүйсенова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив