Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Отандық азаматтық авиацияның паркі жаңа ұшақтармен толығып жатыр

18-07-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп, ұшақ санын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып келеді

Айталық, SCAT компаниясы 189 орынға шақталған B737-800 үлгісіндегі «Боинг» ұшағын сатып алды. Бұл арқылы компанияның флоты 36 ұшаққа, оның ішінде «Боинг» маркілі әуе кемесі 29-ға дейін артты.

Жаңа ұшақ тасымал сыйымдылығын арттырып, рейстердің уақтылы орындалуына оң әсер етпек.

Сонымен қатар Fly Arystan компаниясы да 188 адамды тасуға мүмкіндік беретін А320 neo ұшағына ие болғанын айта кеткен орынды. Осымен бұл компанияның қарамағындағы 15-ші әуе кемесі.

 2023 жылдың соңына дейін Fly Arystan тағы 3 ұшақты алуды жоспарлап отыр. Осылайша, отандық лоукостердің флоты 18 әуе көлігіне дейін ұлғаяды.

Бұл орайда отандық авиакомпаниялардың техникалық паркін кеңейту жөніндегі жұмыстар ведомствоның ұдайы бақылауында және осы бағыттағы шаралар жалғасатынын атап өткен жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив