Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Түркия Қарулы күштерінің делегациясы келді

18-07-2023, 12:51 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшылығының түрік әріптестерімен хаттамалық кездесуі өтті.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов ТР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы Мұса Авсевермен және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.

Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективалары мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері де әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив