Cемей37°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Роман Скляр егін жинау науқаны кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді

25-07-2023, 09:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс кеңесі өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Энергетика министрлігі егін жинау науқаны кезіндегі АШТӨ операторларын дизельдік отынмен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев жеңілдетілген дизель отынын сатып алуға уәкілетті өңірлік операторларды анықтау қарқынының баяу, сондай-ақ ҚМГ МӨЗ дизель отынын АШТӨ-ге басымдықпен жөнелтуді жүзеге асыруға дайындығын атап өтті.

Талқылау нәтижесінде Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің сұранысын дер кезінде қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, АШТӨ үшін дизель отынын жеткізу Үкіметтің бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив