Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚазҚСҒЗИ мамандары топырақтың беріктік сипаттамаларына сынақ жұмыстарын жүргізді

26-07-2023, 10:47 Думан Кенжеғазыұлы

Кез келген құрылысты бастамас бұрын түрлі геодезиялық зерттеулерді, оның ішінде топырақтың құрамы мен сапалығын сынақтан өткізу қажет екені белгілі. Олардың ішінде ең тиімді әдіс – үшөстік қысу әдісі саналады. Бұл геотехника саласындағы ең дәлме-дәл, жан-жақты және кеңінен қолданылатын сынақ түрлерінің бірі.

Мәселен, ҚазҚСҒЗИ мамандары сондай сынақтарды жүргізіп, олардың нәтижелері ғалымдарға, инженерлер мен өндірушілерге материалдардың механикалық қасиеттерін анықтауға, сондай-ақ топырақ пен іргетастың салмақ көтеру қабілеттерін есептеуге мүмкіндік береді.

Сынақ барысында мамандар белгілі бір құрылыс нысанын салу кезінде әсер ететін статикалық жүктемелерді ескеріп отырды. Бұл ретте қысқамерзімді инженерлік міндеттерді шешумен бірге ұзақмерзімді инженерлік проблемаларды да бағалау ескерілгенін айта кетейік. Топырақтың беріктігін анықтау үшін кемінде оның үш үлгісі зерттеуге алынғанын атап өткен жөн.

Зерттеу кезінде Алматы қаласының Зерделі шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үй мен жаңа метро стансасының құрылыс нысаны аумағынан алынған түрлі топырақ үлгілеріне сынақ жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша олардың беріктік қасиеттері мен деформациялық көрсеткіштері анықталып, геологиялық құрылымның тереңдігіне сәйкес деформация модулінің табиғи өсімі алынды.

Бұдан бөлек Ақтау қаласында көпқабатты тұрғын үй құрылысының учаскесіне кіретін беріктігі төмен, құрамы әктас-қабықшадан тұратын органогенді шөгінді жерлерге сынақ жұмыстары жүргізілді.

Алынған нәтижелерге сәйкес аталған үлгілер прогрессивті бұзылуға дейін беріктік шегі және серпімділік модулімен сипатталады. Ал бүйірлік радиалды деформация іс жүзінде байқалмаған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив