Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚР елшіліктерімен «қандас» мәртебесін беру, ұзарту мәселелері талқыланды

27-07-2023, 14:21 Думан Кенжеғазыұлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті СІМ Консулдық қызмет департаментімен бірлесіп «Отандастар қоры» КЕАҚ алаңында Қазақстан Республикасының ҚХР, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Моңғолиядағы елшіліктерімен онлайн кеңес өткізді, оның барысында «қандас» мәртебесін беру мен ұзарту және «Ата жолы» картасын ұсыну алгоритмдері талқыланды.

Кеңес басында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Көші-қон жөніндегі ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің директоры Айдар Айтқұлов «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі «қандас» мәртебесін беру, ұзарту, сондай-ақ шетелдік мекемелер арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде функционалдық мүмкіндіктерін көрсетті.

Кеңеске қатысушылар сол уақытта ҚР Түрікменстандағы елшілігінің «қандас» мәртебесін беруге қабылдаған өтінімін қарады.

«Қандас» ақпараттық жүйесін көрсеткеннен кейін кеңеске қатысушылар оны пайдалану ерекшеліктерімен танысып, сондай-ақ оларды қызықтырған мәселелерді талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Еңбекмині Көші-қон комитетінің қызметкерлері «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның өңірлердегі өкілдері үшін осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив