Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алудың жаңа форматы енгізіледі

28-07-2023, 11:14 Думан Кенжеғазыұлы

Енгізілген өзгерістерге сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы «Minerals.gov.kz» арқылы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияға өтінім беру, оны қарау және лицензияны алу процесі автоматтандырылды.

Осылайша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 517 бұйрығымен Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл процесс адами факторды толығымен жоққа шығарады. Әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар (инвесторлар) сұрау салынған учаске туралы инфрақұрылымнан бастап геологиялық және геофизикалық есептерге дейінгі толық ақпаратын алуына мүмкіндігі болады.

Айта кетейік, «Minerals.gov.kz» - мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың функцияларын автоматтандыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ барлау және өндіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін лицензиялар алу бойынша бизнес-процестерді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған цифрлық платформа болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив