Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

ҚР ИИДМ-де эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренинг өткізілді

28-07-2023, 11:39 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Эмоционалды интеллект: дамудың 4 дағдысы» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, қатысушылар қоғаммен байланысты жақсартып, тиімді шешімдерді қабылдаудың балама жолдарына қанықты

Аталған тренингті International Academy of Emotional Intelligence директоры Әсел Мұратова жүргізді. Маманның пікіріне сүйенсек, эмоционалды интеллектінің қыр-сырын меңгерген адамға кез келген мәселенің түйінін тарқатып, тиімді шешімдерді қабылдау анағұрлым жеңіл болады.

«Жеке өзінің және басқалардың эмоциясын тізгіндеп, басқара алатын тұлға айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, қоғамның сеніміне ие бола алады. Осы тұрғыдан алғанда, эмоционалды интеллектінің маңызы зор. Оның дағдыларын меңгеру бірінші басшыдан бастап, орта буындағы қызметкерлерге дейін пайдалы. Бұл әсіресе мемлекеттік қызмет саласында аса өзекті. Неге десеңіз, мемлекеттік қызметкерлер халықпен етене жұмыс істейтін мамандар. Олардың қоғаммен нәтижелі байланыс орнатуы тұтастай елдің дамуына әсер етеді. Сол себепті халыққа ақпаратты тиімді жеткізіп, қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін эмоционалды зердені меңгеру артық етпейді», деді Ә.Мұратова.

 Бұл орайда тренингке ведомствоға қарасты барлық комитет пен департаменттің өкілдері қатысқанын айта кеткен орынды. Оның барысында қатысушылар шақырылған лектормен тақырып аясында қызу пікір алысып, түрлі мысалдарды қарастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив