Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семей қаласының әкімі үйіне су кірген тұрғындармен кездесті

7-02-2023, 19:09 Думан Кенжеғазыұлы
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және «Семей Водоканал» МКК басшысы Еркен Сағындықов, Семей қаласының ТЖБ орынбасары Қымбат Көпбаев аулаларын су басқан  Би Боранбай және Широкая көшелеріндегі жер үйлерді тексерді.
«Бүгін Би Боранбай көшесіндегі суларды толық сорып тазалаймыз. Қазіргі таңда 6 үйге су кірген, бірақ үлкен залал келді деп айтуға келмейді. Бүгін менің тапсырмаммен комиссия құрылды. Комиссия осы алты үйді аралап тексеріп шығады. Ал аулаларға су кірген 10 үйді ертең тексереді. Содан соң біз комиссия шығарған шешіммен, тиісті жұмыстарды жүзеге асырамыз. Келтірілген шығындар толық өтеледі. Бұл жағдай менің толық бақылауымда болады»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше түс уақытында 1200 диаметрлік кәріз коллектрында төтенше жағдай орын алып, коллектор тақтасының бітеліп қалған болатын. Нәтижесінде Би-Боранбай көшесінің бойындағы жер үйлердің аумағы су астында қалған болатын.

Қазіргі таңда кәріз коллекторындағы ақаудың орны анықталды. Оқиға орнында Семей қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің мамандары және ТЖБ қызметкерлері бар. Аулаларына су кірген үйлердің толық тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив