Рүстем Құрманов Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Р. Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2012–2013 жж. – ҚР АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры.
2013–2015 жж. – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы шілдеден 2018 жылғы маусымға дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2018 жылғы маусым мен 2019 жылғы ақпан аралығы – «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы.
2019 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.