Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

Қазақстандық футболшылар Өзбекстан ойыншыларын ірі есеппен жеңді

8-02-2023, 09:47 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның футболдан U-17 құрамасы Минск (Беларусь) қаласында өтіп жатқан Даму Кубогында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті.

Біздің команда екінші айналымда Өзбекстан құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты. Ойынның оныншы минутында құраманың жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты. Араға тура он минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы минутында екінші таймда алаңға шыққан Виктор Лакеев үшінші голды соғып, кездесуге нүкте қойды.
Қазақстан құрамасының сапынан Ілияс Әбіл матчтың үздік ойыншысы танылды.

Александр Кузнецов баптайтын қазақстандық команда топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні, елорда уақытымен 21:00-де Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив