«Amanat» партиясы Абай облыстық филиалы жанынан Жастар фракциясы құрылды
Бүгін 31 шілде күні Абай облыстық Жастар мәслихатындағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция отырысына «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Болат Омаров, Абай облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Садыкова және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай облыстық филиалының төрағасы Темірлан Бахтияров қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне 3 мәселе ұсынылды. Абай облыстық Жастар мәслихатының «AMANAT» фракциясын құру туралы, Абай облыстық Жастар мәслихатының «AMANAT» фракциясының мүше-депутаттарын бекіту туралы, Абай облыстық Жастар мәслихатының «AMANAT» фракциясының төрағасын сайлау туралы, Абай облысының «AMANAT» партиясы фракциясының міндеттері туралы мәселелер қаралды.
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының Фракциясының өкілеттілік нормасына сәйкес 18 депутат сайланды. Отырыста «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің жарғысына және «Абай облысының Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігінің ережесіне сәйкес Абай облыстық Жастар мәслихатының «AMANAT» фракциясын құру туралы депутаттар тарапынан ұсыныс түскені айтылды.
Жиын барысында Абай облыстық Жастар мәслихатының «AMANAT» фракциясының төрағасы лауазымына Сағыныш Мұратбекқызы Игенбердыева сайланды.
«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Болат Омаров пен партияның Абай облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Бақытгүл Садыкова «AMANAT» фракциясының міндеттері туралы айтып өтті. Жас депутаттарға ел дамуы жолында атқарылар маңызды қадамдар мен бастамаларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай облыстық филиалының төрағасы Темірлан Бахтияров партия жанынан құрылған Жастар қанаты әрдайым жастар саясатының дамуына өз қолдауларын көрсететінін атады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереті сөз етілді.
«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі