Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Қазақстан Жазушылар одағы сырқаттанып жүрген ақын жазушыларға көмек көрсетеді

1-08-2023, 15:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшылығы сырқаттанып жүрген ақын жазушыларға көмек көрсету туралы мәселені қарастырды.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов бұл бастама одақ жанынан құрылған «Қазақ әдебиетінің меценаты» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асатындығын айтып өтті.

«Жазушылар одағы тек қоғамдық бірлестік қана емес, үлкен отбасы екендігімізді ұмытпауымыз керек. Осыны ескере отырып, қазіргі таңда ауыр сырқаттанып жатқан ақын-жазушыларымызға көмек көрсету туралы шешім қабылдадық», - деді М.Құлкенов жиналыс барысында.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 50 мың теңге көлемінде ай сайынғы материалдық көмек Несіпбек Айтов, Заря Жұманова, Жүрсін Ерман, Айсұлу Қадырбаева, Сара Латиева, Тұрлыбек Мәмесейіт, Нина Скалковскаяға берілетін болады.

Мереке Құлкенов мүмкіндігінше қаламгерлерге әлеуметтік қолдау білдіріп, шығармашылықпен айналысуға жағдай жасау одақтың негізгі міндеттерінің бірі екендігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив