АШМ жеңілдікті дизель отынын алудағы сыбайлас жемқорлық жолдарын алып тастады
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден егін жинау науқанын жүргізуге 426 мың тонна дизель отынына 34,5 мың өтінім қабылданды. Бұл көлем 22,3 млн га егіс алқабын қамтиды.
Биыл Энергетика министрлігі МӨЗ-ден дизель отынының босату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.
Қазіргі уақытта жеңілдікті дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторлар МӨЗ-ден шілдедегі ЖЖМ көлемін төлеу және жөнелту бойынша рәсімдерді жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, АШМ тиісті ережелер әзірледі, оған сәйкес шаруалар үшін квота көлемін қалыптастыру және дизель отынын өткізу СБМАЖ модулі негізінде электрондық нысанда жүзеге асырылады. Жеткізу жөніндегі операторларды комиссия әкімдіктер, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдар, қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» ұлттық палатасының, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері қатарынан айқындайды.
Сонымен қатар, еліміздің кейбір өңірлерінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторлар әлі анықталған жоқ. Мысалы, Атырау және Маңғыстау облыстарында жеткізуші тамыз айында анықталады, себебі жөнелту осы айға жоспарланған. Ұлытау облысында ЖЖМ бағасының жоғары болуына және оператордың жоғары үстемеақы алу мүмкіндігінің болмауына байланысты операторларға өтінімдер жоқ.
Жаңа ережелерді қабылдаумен операторлардың арзандатылған дизель отынын мақсатсыз пайдалану қаупі алынып тасталғанын атап өту маңызды. Жанармай жеткізуші жанармайдың тиелмеген көлемі болған жағдайда оны жем дайындау, кептіру және т. б. сияқты басқа ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне жіберуге міндетті.
Осылайша, АШМ қағидаларды қабылдаудың арқасында арзандатылған дизель отынын қалыптастыру және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жөнелту рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық схемаларын толығымен алып тастады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған ережелерді қабылдау жөніндегі іс-шаралар AMANAT партиясының сайлауалды тұғырнамасында, сондай-ақ АШМ-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделгенін атап өткен жөн.
Бұдан басқа, ережелер ҰКП алаңдарында, АШМ-ның қоғамдық кеңесінде, Ашық НҚА платформасында талқыланды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті.