Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда Интернетті тұтыну 2018 жылдан бері 3 есе өсті

7-08-2023, 14:20 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында Қазақстанда Интернетті тұтыну көлеміне, сондай-ақ, оның сапасы мен тарифтеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Министрліктің мәліметінше, 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін елімізде Интернетті тұтыну көлемі үш есеге жуық өсті – егер, 2018 жылы қазақстандықтар 356 петабайтты пайдаланса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1000 петабайтқа жетті. Сонымен қатар, күн сайын тұтынылатын интернет-трафик саны да артып келеді.

Сонымен қатар, ведомствода хабарлағандай, Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин ұялы байланыс операторларының төрағаларымен кеңес өткізіп, оның қорытындысы бойынша Интернет сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын беруді талап етті.  Оған пайдаланушылардың желінің жылдамдығы мен сапасына қатысты көптеген шағымы себеп болды. Бұдан бөлек, Бағдат Мусиннің ұсынысы бойынша ұялы байланыс операторларына Орталық коммуникациялар қызметінде тарифтер және интернет сапасын жақсарту бойынша брифингін өткізу тапсырылды. Брифинг 11 тамыз сағат 12.00 өтеді. Брифингте мобильді операторлар және Цифрлық даму министрлігінің өкілдері қатысады.

Журналистермен өткен брифинг барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету, цифрлық сервистердің жұмысы, инновацияларды енгізу және басқа да мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив