Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мәселелері бойынша оқыту өтті

7-08-2023, 14:49 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 2-3 тамызында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталық мемлекеттік мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мәселелері бойынша онлайн режимде оқыту ұйымдастырды.

Оқыту барысында семинарға қатысушыларға мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудағы негізгі жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және бағалау жүргізу кезінде олардың нәтижелерін пайдалану тәсілдері түсіндірілді.

Аталған семинар аясында тыңдаушылардан «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша бағалауды жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және ішкі бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар түсті.

Іс-шара соңында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну бойынша бірқатар оқыту семинарларын өткізу туралы бірлескен шешім қабылданды.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Президенттің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар жыл сайын қызметі тиімділігінің 3 блогы бойынша бағалауға жатады: «Мақсаттарға қол жеткізу», «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалар», «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы».

«Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы» блогы бойынша бағалау халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау жөніндегі шаралардың тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік органның ашықтық дәрежесін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив