Түріктің «Alarko» холдингі Қазақстанның АӨК-не 650 млн доллар инвестиция құяды
Түріктің «Alarko» холдингі Қазақстанда 500 га жылыжай салуға дайын. Жалпы, алдағы 5 жылда компания еліміздің ауыл шаруашылығына шамамен 650 млн доллар инвестиция салады. Инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жәрдемдесті.
Бүгін ҚР АШМ мен «Аларко Холдинг» АҚ арасында жобаларды іске асыруға серпін беретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, түрік компаниясы 2023 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағында жылыжай кешендерінің құрылысын бастайды. Алғашқы жобалар 2024 жылдың жазында аяқталады.
Жаңа жылыжайлар Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде пайда болуы мүмкін деп болжануда. Alarko өкілдері болашақ жоба үшін оңтайлы орынды таңдау үшін жақын арада сол жаққа баратын болады.
Нақты жер учаскелері, сондай-ақ жобаның көрсеткіштері айқындалғаннан кейін іске асырудың нақты мерзімдері мен кезеңдері бар неғұрлым егжей-тегжейлі Жол картасы әзірленетін болады. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық қажетті жағдайларды ұсынуға және жан-жақты қолдау көрсетуге әзір.
Айта кетейік, «Alarko» - Түркиядағы ең ірі холдингтердің бірі. Компания энергетика, туризм, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салаларындағы жобалармен айналысады. Былтыр «Alarko» агросекторлық жобаларға инвестициялаудың жаңа бағытын ашып, жылыжайларда, ашық далада, органоминералды тыңайтқыштарда өсіруге көмектесу, азық-түлікті өңдеу мен сату және ҒЗТКЖ-дағы ауылшаруашылық технологияларына көңіл бөле бастады.