Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.88 585.83 6.36

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды

15-08-2023, 11:27 018.kz

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды.

Осы жылы ҚАЖ мекемелерінде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің саны 41-ден 7-ге дейін, сотталғандардың шағымдарының саны 48-ден 19-ға дейін қысқарды. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады.

Ведомство соңғы жылдардағы оң динамиканы атап өтті:

– Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі – үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға қысқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив