Дархан Қыдырәлі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған жиында сөз сөйледі
Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы сөз сөйледі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі», – деп атап көрсетіп, «адал азамат» концепциясын алға тартқаны белгілі. Сонау ілкі ғасырлардан бастау алған «кемал адам» ілімі мен «толық адам» ұстынынан тамыр тартып, ұлттың болмысын қалыптастыратын осы ұлттық қасиеттердің асыл арқауын жалғаған бірегей абыздарымыздың бірі Мәшекең деп санаймыз», - деді министр.
Айта кетейік, Баянауылда «Мәшһүр жол» аудио кітабы, «Таңдамалы шығармалар жинағы» 10 томдығының тұсауы кесілді.
Сондай-ақ ақын рухына арнап ас беріліп, ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдірудегі маңызды қадамМемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткіздіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіБіз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады - ПрезидентСайлау қорытындысы: Семей қалалық мәслихатына кімдер өтті?