Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.4 526.99 5.25

Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді – Үкімет Қаулысы

8-02-2023, 21:13 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді. ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулыны қабылдады.  

ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.

Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс. 

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив