SCAT әуе компаниясының әуе кемелері паркі тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8-мен толықты
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп әуе кемелері паркін толықтыру және жаңарту жоспарын іске асыру, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және бағыттық желілерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Биылғы жылы SCAT әуе компаниясының паркіне төртінші жаңа ұшақ келді. Сыйымдылығы 189 орындық болатын кезекті Boeing 737 MAX 8 әуе тасымалдаушысының флотын 37 бортқа дейін ұлғайтты, оның 30-ы "Boeing" үлгісіндегі ұшақтар.
Жаңа ұшақтарды пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттыратынын, сондай-ақ рейстердің уақтылы орындалуына оң әсер ететінін атап өткен жөн.
Қазақстандық әуе компаниялардың әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.