Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ҚазҚСҒЗИ жоғары сейсмикалық жағдайда дәл есептейтін жабдықты сатып алды

25-08-2023, 11:25 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ зертханалық базасы Midas 3D және Plaxis 3D үлгідегі жаңа бағдарламалық өнімдерімен толықтырылды

Бұл аппарат күрделі геологиялық және жоғары сейсмикалық жағдайларда геотехникалық профильдерді (сараптамалық модельдеуді) заманауи деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, геотехникалық есептеулер жобалық шешімдерді тексеру үшін аса маңызды және кез келген жобадағы кемшіліктерді анықтап, жоюға септігін тигізеді.

Институттың зертханалық базасының кеңеюі қолданыстағы, сондай-ақ жаңа буындағы аспаптармен толығуға мүмкіндік берді. Үшосьтік нығыздау әдісі топырақтың физика-механикалық өлшемдерін нақты анықтауға арналған тиімді тәсілдердің бірі. Бұл арқылы салынған ғимараттың түбіндегі топырақтың қандай көлемдегі салмаққа шыдас беретінін анықтауға болады.

Енді сарапшыларға темірбетон қадаларының сапасын сынауға, құрылысқа арналған жерді нығайтуға, деформация модулін бағалап, топырақтың геофизикалық қасиеттерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды орындауға жол ашылып отыр. Сондай-ақ бұл бағдарлама еліміздің құрылыс нормаларында ұсынылған топырақтың неғұрлым қолданбалы модельдерін толық қолдануға және құрылыстағы заманауи тәсілдерге сәйкес жобалауды орындауға оң әсер беретінін айта кетейік.

Бұл орайда аталған институт зертханалық жабдықтарды жыл сайын жаңартып келе жатқанын айта кетейік. Мәселен, ҚазҚСҒЗИ мамандары Алматыдағы құрылыс нысандарын зерттеу барысында жоғарыда аталған бағдарламалық жүйелерді кеңінен қолданып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив